Астана алғашқы қардан кейін кептелісте қалды

Астанада алғашқы қардан кейін көліктердің қозғалысы қиындап, қар тазалау жұмыстарына 200-ден аса техника жұмылдырылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Астана Тазалық» ЖШС мәліметінше, қала көшелері мен жолдарын қардан тазалау жұмыстарына 200-ден аса техника жұмылдырылады. Тротуарлар мен көшелерді қардан тазалау үшін 314 жұмысшы тартылған.

Синоптиктердің болжамынша, елордада 23 қазанда күн ала бұлтты, түнде қар жауады және тұман болады деп күтілуде. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде  -7-9°С, күндіз —2-4°С дейін көтеріледі.

Сенбіде, 24 қазанда күн жылынып, батыстан соққан желдің жылдамдығы 5-10 м/с құрайды. Күндізгі температура +1+3°, ал түнде  -6-8°С дейін төмендейді.

Дереккөз: nur.kz