Еліміздің оңтүстік аймағында күн салқындайды

Қазақстанның оңтүстігінде күннің салқындауы күтіліп отыр деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Ведомство Қазгидромет ұсынған мәліметтерді жариялады. Синоптиктердің болжамынша, 18 қазан күні түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарындағы таулы аймақтарда сулы қар жауады, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 10-20 метрге дейін жетеді. 18-20 қазан аралығында минус 5 градусқа дейін күн суытады.

Қызылорда облысында да 18-20 қазан аралығында және Алматы облысында 19-20 қазанда ауа температурасы 5 градусқа дейін төмендейді.

Дереккөз: tengrinews.kz