"ҚазМұнайГаз" БӨ-ге жаңа басшы тағайындалды

"ҚазМұнайгаз" Барлау Өндіру" АҚ бас директоры болып Құрманғазы Есқазиев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМГ БӨ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Құрманғазы Есқазиев ҚМГ БӨ-нің бас директоры болып сайланды. Есқазиев бұған дейін ҚМГ БӨ-нің негізгі өндірістік активтерінің бірі - "Ембімұнайгаз" АҚ-ның бас директоры қызметін атқарған", - деп хабарлады Департаменттің баспасөз қызметі.

"Есқазиев мырзаның жаңа технологияларды енгізу мен өндіріс тиімділігін арттыру мәселелерінде мол тәжірибесі бар. "Ембімұнайгаз" АҚ бас директоры болған сегіз айдың ішінде ол компанияда жаңа жобаларды сәтті іске асырды. Біз Есқазиев мырза өзінің кәсіби біліктілігі мен оң тәжірибесін ҚМГ БӨ компаниялар тобының игілігіне жемісті пайдаланады деп күтеміз", - деді ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің төрағасы Кристофер Хопкинсон жаңа басшыны таныстыра отырып.