Семейде сегізінші қабаттан құлап кеткен сәби аман қалды

Семейде сегізінші қабаттан құлап кеткен сәби аман қалды
Фото: tn.kz

Семейде көпқабатты үйдің сегізінші қабатынан кішкентай қыз құлап, аман қалды, - деп хабарлайды "Егемен Қазақстан" қалалық төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Оқыс оқиға өткен аптаның жұмасында болған. Абайсызда балконнан құлап кеткен бүлдіршін бірінші қабаттағы дәріхананың шатырына түскен. Айта кетейік, оқиға болған жерге шұғыл жеткен дәрігерлер сәбиді ауруханаға жеткізген. Олар қазір балақайдың жағдайының жақсы екенін айтып отыр. Олардың айтуынша, бүлдіршіннің миы шайқалып, жеңіл дене жарақатын алған.

М. Бисембаева