Ораз Жандосов Ұлттық банктің әрекеттерін “ақылға қонымсыз” деп бағалады

Қазақстан Ұлттық банкінің жыл бойғы әрекеттерін экономист Ораз Жандосов “ақылға қонымсыз” деп бағалады. Бұл туралы КазТАГ-қа сілтеме жасап nur.kz хабарлайды.

- Теңге бағамына келер болсақ (Теңгенің долларға шаққандағы бағамы – ҚазТАГ), Ұлттық банктің өткен жылдың күзінен бері істеп келген ақымақтықтары адамға айдан анық болғаны соншалық, оны талқылап жатудың да қажеті жоқ. Біздің қазақстандықтар мен бизнес өкілдері көбіне қаржы-несиелік саясат жүргізетін органның ақылға қонымсыз әрекеттерінен қынжылады, – деді Жандосов «Kazakhstan growth forum» жиыны барысында.

Оның айтуынша, тиянақталған бағамнан гөрі толықтай “еркіне жіберілген” бағам әлдеқайда тиімді.

- Ең бастысы мұндай “еркіне” жіберілген бағам түсінікті болуы қажет. Кем дегенде бизнесмендер түсіне білуі тиіс. Бұл орайда Ұлттық банктің қаржылық-несиелік саясаты қисынды, – дейді экономист.

Бұдан өзге маман Ұлттық банкті қаржылық-несиелік саясат органы деп қарастырып, банк жүйесі мен өзге қаржылық институттарды реттейтін органдарды бөлек қою қажет деп санайды.

- Аталмыш екі функциялардың арасында келіспеушіліктер барына осы айларда көзіміз жетті, – деп түйді Ораз Жандосов.