Назарбаев дағдарыс жөнінде: Құлдырауды басымыздан бірінші рет өткеріп тұрған жоқпыз

Назарбаев дағдарыс жөнінде: Құлдырауды басымыздан бірінші рет өткеріп тұрған жоқпыз
Фото: tn.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сочиден.

"Біздің өңіраралық кездесуіміздің маңызы зор, әсіресе, қазір, біздің экономика тұрақсыз болып тұрған сәтте. Бағаның күрт төмендеуі, әрине, ол экспорт бағасының түсуімен, сауданың құлдырауымен және екі ел валютасының тұрақсыздығымен түсіндіріледі. Бірақ мен біздің үкіметтер көп істі атқарды деп есептеймін, олар қазіргі мәселелерді шешіп жатыр және бүгін мәселелердің кейбірін талқылауға мүмкіндік бар. Бәрі дұрыс", - деді Назарбаев.

"Егер біреулер Еуразиялық одақ шөгіп қалды десе, ол жаман болғандықтан отырып қалған жоқ, жағдай солай. Экономикада мұндай үрдіс болады, дағдарысты, құлдырауды және қайта көтерілуді бірінші рет басымыздан кешіріп жатқан жоқпыз. Бұған байсалды түрде көзқарас таныту керек және сауданы ұлғайту үшін жаңа тетіктерді табу қажет", - деді Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін Сочиде Қазақстан мен Ресейдің XII өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр. Форумның негізгі тақырыбы - агроөнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қатысушылар арасында негізгі министрліктер мен ведомстволардың, Қазақстан облыстары мен Ресей субектілерінің басшылары және ірі бизнес өкілдері бар.

М. Бисембаева