Доллар бағамы тарихи рекордын жаңартуда

KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 279,75 теңге болды. Бұл кезекті рет тарихи рекорд болып отыр. Бірінші сауда 280 теңгемен жасалды. Ең төменгі баға - 278,5 теңге. Ең жоғарғысы - 281 теңге. Сауданың жалпы көлемі 51 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 25 мүшесі қатысты.

Айта кетейік, таңғы сессияда бағам 276,83 теңге болды. Бірақ оған дейін, нақтырақ айтқанда KASE қор биржасының 14 қыркүйек күнгі кешкі сессиясында доллар бағамы 278,54 теңгеге дейін өсті. Бұған дейінгі рекорд 276,75 теңге болған еді.

Дереккөз: tengrinews.kz