Қазақ аруы Айдай Исаева ана атанды

«Қазақстан аруы - 2013» Айдай Исаева ұлды болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Bnews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Отбасының жақын досы Әсем Нұрсейітова Instagram парақшасында «Максат-Айдай!!!!! Поздравляю вашу СЕМЬЮ, С РОЖДЕНИЕМ СЫНОЧКА!!! Бауы берik болсын!!!» («Мақсат-Айдай!!!!! Ұлды болуларыңмен құттықтаймын!!! Бауы берік болсын!!!») деп жазған екен.

Айдай Исаеваның ана атанатыны 6 тамызда белгілі болған. Қос ғашық осы жылдың басында той жасап, артынша шетелге саяхатқа аттанған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылы 6 желтоқсанда Айдай Исаева «Қазақстан Аруы» атанды. 2015 жылы 19 сәуірде қазақтың ең сұлу аруы «Instagram» парақшасына алғаш рет сүйіктісінің суретін салды.