Елімізде індеттік паротит ауруының көрсеткіші төмендеді

Халықты вакциналау шараларымен кең көлемде қамтудың нәтижесінде соңғы 20 жылда Қазақстанда індеттік паротитпен ауыру көрсеткіші 160 есеге төмендеді. 2015 жылдың 8 айында ауру көрсеткіші өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,5 есеге төмендеген.  

Індетті паротитті халық арасында «свинка» деп атайды. Ауру ауа-тамшылы жұқпа жолмен сыртқы ортадағы тұрақсыз вирус арқылы туындайды. Сонымен қатар, зақымдану күнделікті тұрмыс бүйымдары, ойыншықтар, жұқпалы ауруға шалдыққан адамның сілекейі арқылы да болуы мүмкін. Аурудың қажалып кеткен түрлері де жиі кездеседі. Мұндай жағдайда ауруға шалдыққан адамдар жанындағыларға зор қауіп төндіреді. Ауруға 3 пен 15 жас аралығындағы балалар, сондай-ақ ересектердің де шалдығуы мүмкін.

Ауру өте ауыр жағдайда басталады. Ауырған адамның жалпы жағдайы нашарлап, тәбеті төмендейді, басы ауырып, қалшылдай бастайды. Балалар ауыздарын ашқанда, шайнағанда ауыру сезілетіндігіне, ауыз қуысындағы құрғақтықтың пайда болуына шағымданады. Құлақ жанындағы сілекей бездері, сонымен қатар, жақ асты және тіл асты бездері жиі зақымданады. Дененің қызуы 5-7 күн бойы сақталады.

Індеттік паротитпен зақымданудың қатты асқынуға ұласуы жиі кездеседі. Оған ағза бездерінің зақымдануы (қалқанша, ұйқы, жыныс т.б. бездер), жүйке жүйесінің аурулары (менингит, энцефалит) және т.б. жатады. Аурудың салдарынан диабет, семіздік, ер адамдардың бедеулігі мен аталық безінің атрофиясы, әйелдердің бедеулігі мен етеккір циклінің бұзылуы орын алуы мүмкін.

 Дереккөз: Baq.kz