Көшербаев жәрмеңкеде тұрғындармен тілдесті

Бүгін Қызылорда облысының орталығындағы Астана даңғылында қалаға қарасты ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен кәсіпкерлерінің қатысуымен жәрмеңке өтті. Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев қалаға қарасты елді мекендердің өнімдерімен танысып, тұрғындармен тілдесті, - деп хабарлайды inform.kz.

Ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде 1500 тоннадан астам өнім саудаланды. Өнімдер нарық бағасынан 15-20 пайызға арзан.

Жәрмеңкеге шаруашылықтармен қатар жергілікті кәсіпкерлер де белсене қатысты. Мәселен, ірі сауда орталықтары да өз өнімдерін әкеліп, тұрғындарға төмен бағада ұсынды.  Жәрмеңкеде жеміс-жидек, көкөніс, бақша дақылдарынан бастап, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдеріне дейін болды. Жергілікті тұрғындар мұндай шараның апта сайын ұйымдастырылып жатқанына дән риза екендіктерін жеткізді.

Сондай-ақ, шара барысында түрлі әлеуметтік көмектер де көрсетілуде. Ауыл шаруашылық жәрмеңкесі желтоқсан айына дейін жалғасатын болады.