«Кепіл беремін» бағдарламасына қолдау білдірген сайтқа хакерлік шабуыл жасалды

Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембаевтың «Кепіл беремін» бағдарламасына ақпараттық қолдау білдірген «ratel.kz» сайтына хакерлік шабуыл жасалды. Бұл туралы кәсіпкердің өзі «facebook» желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

- Достар, біздің әріптесіміз «Ratel» интернет басылымына хакерлік шабуыл жасалды. Қаскөйлардың қарсы шабуылына бірге жауап берейік. Сайт мына сілтемедегі мекенжай бойынша қызметін жалғастырады. Әріптестерімізге қолдау білдірейік. Қаскөйлерге ынтымағымыз берік екенін танытайық, - деп жазды Марғұлан Сейсембаев.

Айта кетейік, осыған дейін Марғұлан Сейсембаев «Кепіл беремін» бағдарламасы аясында жұмыстарын бастап кеткенін хабарлаған болатын.