Бұрынғы кіріс министрі "Кепіл боламын" жобасы аясында өз шаруа қожалығын таныстырады

Бұрынғы кіріс министрі "Кепіл боламын" жобасы аясында өз шаруа қожалығын таныстырады
Фото: moyhutor

Осыдан бір күн бұрын сіздерге кәсіпкер Марғұлан Сейсембаевтың "Кепіл боламын" жобасы аясында өзінің алғашқы іс-сапарымен бұрынғы кіріс министрі, кәсіпкер Зейнолла Кәкімжановтың мал шаруашығын көріп қайтатыны туралы айтқан болатынбыз. Бизнесмен Қазақстандағы ет өнімін сапалы болуы үшін қалай ұйымдастыруға болатынын таныстырады. Бұл туралы Зейнулла Кәкімжанов фейсбук парақшасында былай деп жазды:

Қымбатты, Марғұлан Сейсембаев! Біз келіскендей 25-27 қыркүйек аралығында Шалобай ауылындағы ЖШС «Племзавод Шалобай» делегацияны қуана қабылдайды.

Біздің түсінігімізде бұл сапар қызығушылықты қанағаттандыру үшін немесе тәжірибе алу үшін бағытталмаған. Менің міндетім қатысушыларға елімізде сапалы ет нарығын қалай ұйымдастыруға болады деген өзімнің пікірімді жеткізу.

Біздің ұстанымызды танып білетіндер біздің идеяларымызды жүзеге асыруға ат салысу керек. Бәрінің бірдей мүмкіншілігі бола бермейтінін біз түсінеміз және де біздің үмітіміз - бұл қатысушылардың біздің пікірімізді көпшілікке жеткізу арқылы бүкіл процесстің алғашқы кезеңін құру.

Яғни қатысушылар біздің концепциямыздың дамуына үлес қосу керек. Барлық қатысушы үшін қуаныштымыз, бірақ бұл шараның нақты міндеті бар.

Марғұланнан сұрайтыным бүкіл қатысушыға бұл ойды жеткізу, яғни олар ортақ іске өзінің пайдалылығын бағалай білулері қажет.

Күзгі ауылшаруашылық қызу жұмыстарынан көптеген адамды үзуге тура келеді, олардың және біздің уақытымызды бағалауға шақырамын.

Бірге ұйымдасып келеміз де кетеміз, жүздеген шақырымды өтіп, уақытты тиімді жұмсаймыз.

Құрметпен, Зейнулла Кәкімжанов

Н. Нұрмаханұлы