Халыққа қызмет көрсету орталығы қайта құрылады

Халыққа қызмет көрсету орталығы қайта құрылады
Фото: tn.kz

Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталығының базасында "Үкімет азаматтар үшін" мемлекеттік корпорациясы құрылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламент Мәжілісінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстыру кезінде инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов ХҚКО базасындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай провайдері республикадағы мемлекеттік кәсіпорындарды біріктіру жолымен құрылатынын айтты: "жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы", "жылжымайтын мүлік орталығы", "мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы".

Оның айтуынша, "канадалық тәжірибеге сүйеніп, алғашқы кезеңде жер қатынастары, жылжымайтын мүлік, әлеуметтік және зейнетақы төлемі саласындағы мемлекеттік маңызды қызметтерді беру ұсынылды".

"Ия, қайта құрылымдау болады. Төрт ұйым бар болған, олар "Үкімет азаматтар үшінге" бірігеді", - деді Сәрсенов тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып. Сонымен қатар, ол ХҚКО атауы қолданылмайтынын айтты.

"ХҚКО фронт-кеңседе ғана қызмет көрсетеді, яғни өтініштер қабылдап, нәтижесін береді. Әлеуметтік қорғау, жер қатынастары, жылжымайтын мүлікті рәсімдеу саласындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардан "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясын құру тек өтініш қабылдап қана қоймай, оларды өңдеу жұмыстарын жүргізуге де мүмкіндік береді", - деді ол.

Яғни, жаң жобасында мыналар қарастырылған: "Жер кадастрының ғылыми,өндірістік орталығы", "Жылжымайтын мүлік орталығы", "Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" республикалық кәсіпорындары "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына біріктіру; мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру; мемлекеттік қызметтерді оптимизациялау.

М. Бисембаева