Қостанай қаласының әкімі қызметінен кетті

Қостанай қаласының әкімі қызметінен кетті
Фото: tn.kz

Бүгін Қостанай қаласының әкімі Ахметбек Ахметжанов қызметінен босады, - деп хабарлайды "Алау" басылымы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасовтың бұйрығымен Ахметбек Ахметжанов өз қалауы бойынша қызметінен босады. Сонымен қатар, қала әкімінің уақытша міндетін атқарушы болып Сәндібек Қайрат Амантайұлының тағайындалғаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, Ахметбек Ахметжановтың екі орынбасары - Мақсұт Қалиев пен Фрунзик Аракелянға қатысты қылмыстық іс қозғалған еді. Қалиев 2015 жылдың 1 тамызында "Премиум Палас" мейрамханасының маңында ұсталды. Ал Аракелян 3 тамызда жұмыс бөлмесінде ұсталды.

М. Бисембаева