"Кепіл беремін" жобасы оң өзгеріс әкелді

Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев "Кепіл беремін" жобасын қолға алған еді. Бір апта бұрын жарыққа шыққан бағдарлама аз уақыт ішінде 400 000 адамның қолдауына ие болды. "Кепіл беремін" жобасы қолдауға ие болып қана қоймай, бүгінде өз жұмысын атқаруға кірісіп те кетті. Олай дейтініміз Evita Complex компаниясы өз өнімінің отандық дүкендерге сатылымға шығуына "Кепіл беремін" жобасы әсер еткенін айтады. Аталған компанияның фэйсбуктағы жазбасын ұсынып отырмыз

"Сең қозғалды" демекші, өздеріңіз білетіндей, біз Марғұлан Сейсембаевтың керемет акциясына қатысудамыз. Жақында отандық өнімді дүкен сөресіне орнату өтінішімен өте үлкен желіге (желінің атын әзірге құпия қалдырайық) барған едік. Біздің өніміміз өз классы үшін аса қымбат емес, ал бағаның 120%-ға өсуі көңілімізден шықпады, осылайша біздің Evita Complex атты брендіміз оларды қызықтырмайтынын айтты. Біз сәл абдырап қалдық, сөйтіп, өнімімізді Қазақстаннан өзге елдерге қарқынды түрде енгізу жұмысын бастап кеттік. Біздің еліміздегі желілердің не үшін соншалықты сараң екенін түсінбейміз! Бірақ ғажап оқиға болды, "Кепіл беремін" қоғамдық қозғалысы сол желінің біздің өнімімізге қатысты пікірін түбегейлі өзгертіп жіберді. Құрметті сатып алушылар, бір-екі айда ірі дүкен желілерінің сөрелерінде өте тиімді бағамен пайда боламыз. Өндіруші ретінде сатылым мөлшері өскен жағдайда өнімнің бағасын төмендетуге дайынбыз. Қоспаларды сатып алу көлемі айтарлықтай өсетін болғандықтан, бағасы арзандайды, бұл өнімнің құнына үлкен әсер етеді. Сапасына келер болсақ, ол жағын уайымдамаңыздар. 

Evita Complex Шектеулі тұрмыстық жуу құралдарын шығаруға дайындық жасап жатырмыз. 

"Кепіл беремін" жобасына рақмет, ол жетекшілік ететін кәсіпорындарға расымен жауап береді екен!