Сөзден іске!

Марғұлан Сейсембаев "Кепіл беремін" бағдарламасының ұранын таңдады. 

"Ұран жайлы сұраққа келсек. Көптеген нұсқаны зерттеп, зерделей келе, "Кепіл беремін" жобасының ұранына тоқтадым. Біздің ұранымыз – "Сөзден іске" болады", - деп жазды кәсіпкер фэйсбуктағы парақшасына. 

Айта кетейік, белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев бір апта бұрын "Кепіл беремін" деп аталатын тың бағдарламасын фэйсбук арқылы ел назарына ұсынған болатын. Аз уақытта бағдарламаға 500 000 адам қолдау білдірді. 

Массагет порталы кәсіпкерден көлемді сұхбат алып, бағдарлама туралы толығырақ сұраған еді. Сұхбатты мына жерден таба аласыз.