Алматыда алғаш рет қарбыз фестивалі өтті

28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақта жазғы маусымның аяқталуына орай алғаш рет қарбыз фестивалі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Келушілер қарбыз жәрмеңкесін, музыкалық және би топтарының қойылымдары мен карвингтен мастер-класты тағатсыздана күтті.

Қарбыз фестивалі өтетін аумақ бірнеше бөлікке бөлінді: instagram-аймақта қала қонақтары мен тұрғындары қарбыз инсталляциясының фонында суретке түсті; lounge-аймақта дәмді әрі пайдалы сусындар болды; карвинг-аймақта карвинг бейнелері жинақталды, Chintamani аймағында йога және медитация студиясы болды.

Келушілер үшін қарбызды жеуден конкурстар ұйымдастырылды. Шарада Freddy Marx Street тобы өнер көрсетті. Фестиваль жүргізушісі Данияр Батырбаев болды.