Назарбаев Есімовті қабылдады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017 ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің дайындығы аясында ұлттық компанияға артылып отырған үлкен жауапкершілікті сөз етті. Қазақстан Президенті берілген тапсырмалардың ауқымдылығын айтып, олардың уақытында және сапалы орындалуы керектігіне назар аударды. 

Ахметжан Есімов жоспарын баяндады. Кездесу қорытындысы бойынша, Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. 

Еске сала кетейік, Алматы әкімі өткен жексенбіде, 9 тамызда ауысты. "Нұр Отан" партиясының төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Байбек оңтүстік астанаға әкім болып келді. Ал Ахметжан Есімов "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басшысы болып тағайындалды.