Қазақстан әскері Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай Бейжіңде өтетін парадқа қатысады

Қазақстан әскері Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай Бейжіңде өтетін парадқа қатысады
Фото: kazakh-zerno.kz

Қазақстан қорғаныс министрлігінің құрметті қарауыл ротасы Қытай астанасында қыркүйектің 3-і күні өтетін Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады, — деп хабарлайды Nur.kz сайты.

Министрлік ақпаратында бүгін, тамыздың 15-і күні қазақстандық әскерилердің қорытынды саптық байқауы өткені, олар Бейжіңдегі парадқа қатысуға толық дайын екені айтылған.

Қазақстандық құрметті қарауыл ротасының әскери қызметкерлері енді тамыздың 17-і күні Бейжің қаласына аттанып, кытайлық әскери қызметшілермен бірлескен жаттығуларға кіріседі.

Е. Жұмабайұлы