Бауыржан Байбек Алматыдағы жәрмекеде тауар сатып алды

Бауыржан Байбек Алматыдағы жәрмекеде тауар сатып алды
Фото: strategy2050.kz

Бүгін Алматыда Оңтүстік Қазақстандық тауар өндірушілердің ауылшарушылық жәрмеңкесі өтті, - деп хабарлайды Today.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жәрмеңкеде Алматы әкімі Бауыржан Байбек болып қайтты. "Жәрмеңкедегі тауар сапасы мен бағаларды әкім Бауыржан Байбек қарап көрді. Қала басшысы мегаполис тұрғындарымен бірге Қазақстан бойынша белгілі жүзім мен шұбат сатып алды", - деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Қала тұрғындары 50 астам тауар түрлерін нарықтағы бағалардан 15-20 арзан алуға болады. Жәрмеңкеге шамамен жеті мыңдай адам келіп қайтқан.

"Шара кезінде ОҚО әкімшілігі және аймақ кәсіпкерлерімен бірлесіп, Алматыда логистикалық орталық құру ұсынылды. Бұл ОҚО фермерлеріне өз тауарын қала базарларында дел-далсыз қолжетімді бағамен сатуға мүмкіндік береді. Алматы әкімі тиісті құрылымдарға ұсынысты қарастырып, пысықтауды тапсырды", - делінген хабарламада.

Жалпы Оңтүстік Қазақстан фермерлері Алматыға 56 тонна ет өнімдерін, 75 тонна көкеніс пен жеміс және бес мыңнан аса сүт өнімдерін – барлығы 200 тоннадан аса тауар өнімін әкелген.

@. @assel_assanova