Алматылық фотограф аққан жұлдыздарды суретке түсірді

12 тамызда жылдың ең жарық астрономиялық құбылысы - Персей жұлдыздар ағынын көруге мүмкіндік туды. Ерекше құбылысты оңтүстік астананың тұрғындары тамашалай алды. Алматылық Дәурен Дәулетов Үлкен Алматы көліне барып, жұлдызды ағыннан әдемі кадрлар түсіріп қайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жігіт сапарды алдын ала жоспарламағанын, дегенмен табиғаттың осындай құбылысын өз көзімен көруді армандағанын айтады. "Мен мұндай нәрсені жақсы көремін. Күнделікті түсіріп жүрген суреттерге қарағанда мұны түсіру әлдеқайда қиын болды. Сонымен қатар, оқығаныңды тәжірибе жүзінде пайдалану үшін көпті есте сақтау керек. Мұндай түсірілім жұмыстарына уақыт көп кетеді", - деді ол.