Интернет қолданушылары қазақстандық мектепте түсірілген тағы бір видеоны сөкті

Интернет қолданушылары қазақстандық мектепте түсірілген тағы бір видеоны сөкті
Фото: tn.kz

Қазақстандық мектептердің бірінде түсірілген тағы бір жаңа видео Қазнет пен әлеуметтік желілерде пікірталас туғызды. Таяуда Instagram желісіндегі instavideo_kaz атаулы танымал парақшада мұғалімнің мектеп оқушысына қол көтергені туралы видеоны жариялады, - деп жазады Tengrinews.kz

Видеода мұғалімнің "неге ұрысасың" деген сөзі және балалардың оған жапа-тармағай күлгені естіледі. Роликтің нақты қайда түсірілгені белгісіз қалып отыр. 

Видеоға жазылған пікірлерде қолданушылар түрлі көзқарас білдірді. Көпшілігі мұғалімді тауып, оның қандай жағдай болса да балаға қол көтеруіне рұқсат етілмейтінін айта отырып, жұмыстан шығаруды талап етті. Тағы біреулері, керісінше, кейде мұндай қатаң әрекеттің қажеттілігі туралы да айтып отыр.  

Бұл еліміздегі мектептерде болып жатқан бірінші даулы видео емес. Осыған дейін Желіде Шымкент мұғалімінің оқушыға қол көтергені бейнеленген видео пайда болған еді.

Ал сіз мұны балаға білім алуға кедергі келтіреді деп ойлайсыз ба?

М. Бисембаева