Астанада масалар туралы қорқынышты фильм түсірілді

Астанада масалар жайында "Өлгендермен селфи жасау" атты қорқынышты фильм түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Картинаның түсіріліп болды, фильм монтаждалып жатыр.

Оқиға Астанада өрбиді, басты рольдегі адам масаларды өлтіру туралы ғылыми жұмыспен айналысады, дегенмен ол нәтиже бермейді. Оның орнына адамдарды зомбиға айналдыратын вирус таралып кетеді. Фильм режиссері әрі сценарий авторы - Ермек Шаяхмет.

"Түсірілім жұмыстары Астанада өтті, оның ішінде "Бәйтерек" пен "Ханшатыр" да бар", - деді түсірілім тобының мүшесі Айдос Есмағамбетов.

Фильмнің экранға қашан шығатыны әзірше белгісіз.