Ауа райы: Алдағы күндерде жауын-шашын болмайды

Республикамыздың басым бөлігінде алдағы күндерде жауын-шашын болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің айтуынша, оңтүстікте және шығыста күн ыстық, ал батыста және солтүстікте бірқалыпты жылы болады. "Ресейдің Еуропалық аймағының орталық аудандарын қамтыған циклон Орал арқылы Батыс Сібірге ығысып жатыр. Алайда атмосфералық фронттар республикамыздың батыс, солтүстік және орталық аудандарында найзағай мен өткінші жаңбырға себеп болады", - делінген хабарламада.