Мемлекеттік кірістер комитеті ашық есік күнін өткізді

Мемлекеттік кірістер комитеті ашық есік күнін өткізді
Фото: tn.kz

Бүгін Мемлекеттік кірістер комитеті ЖОО-ны үздік бітірген түлектерге арнап ашық есік күнін өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шараға 350-ден астап түлек қатысты. Шарада мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері ведомствоның мақсаттары туралы айтты. 

Ашық есік күнінің мақсаты комитетке білімді жастарды жұмысқа алу болды. Кездесу барысында түлектер комитетке қандай мамандар қажет екені туралы, бұл жерге жұмысқа тұру үшін не істеу керектігі туралы сұрады. Қатысқандардың көбі бұнда жұмысқа тұрғысы келетіндерін айтты.

М. Бисембаева