Шығыс Қазақстанда даладан миномет снаряды табылды

Шығыс Қазақстанда даладан миномет снаряды табылды, - деп хабарлайды YK-news.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Порталдың мәліметінше, 11 шілде күні құтқарушыларға Айнабұлақ ауылдық округінің жергілікті тұрғыны хабарласып, белгісіз бірдеңе тауып алғанын айтқан. Өңірлік ТЖД мамандарының айтуынша, ер адам снарядты Темір су учаскесінен тапқан, хабар келіп түскен жерге саперлер шұғыл жетті.

"Мамандар ұзындығы 33 сантиметрік снарядтың ескі минометтікі екенін анықтады. Саперлер оқ-дәріні алып кетіп, келесі күні жарып жіберді", - делінген.