Астана әкімінің аппаратына жаңа жетекші тағайындалды

Астана әкімі аппаратына жаңа жетекшісі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Әділбек Жақсыбеков Олжас Бектеновты Астана әкімі аппаратының жетекшісі қызметіне тағайындау туралы бұйрыққа қол қойды. 

Бектенов 1980 жылы дүниеге келген. Ұзақ уақыт Президент Әкімшілігінде, кейін Әділет министрлігінде жұмыс істеді. 2015 жылдың қаңтарынан бастап елордадағы мемлекеттік сатып алулар басқармасында жетекшілік қызметте болды. Оған дейін елорда әкімі аппаратының жетекшісі қызметінде Еділ Мамытбеков болып келді.