Қостанайда нан қымбаттады

Қостанайда нан қымбаттады
Фото: tn.kz

Қостанайда нанның бағасы 42-ден 46 теңгеге көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әкімдіктегілердің айтуынша, нанның бағасы бес жылдан бері өзгермеген. Наубайханадан шыққан бөлке нанның бағасы 40 теңге, ал дүкенде 42 теңге болды. 

Сонымен қатар, жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл баға Қазақстан бойынша ең төмен. "Наубайхана басшылары бағаны көтеру туралы мәселені бірнеше рет қозғады, себебі, электр қуаты мен газдың тарифі және жанармай қымбаттап келеді. Соған байланысты біз әлеуметтік нанның бағасын көтердік, енді ол наубайханадан шыққанда 44 теңге, тиісінше дүкен сөрелерінде 46 теңгеден сатылады. Сондай-ақ, біз мониторинг жүргіздік және біздегі нанның Қазақстан бойынша ең арзан екені анықталды. Әрине, біз сатып алушылардың кейбіріне мұның ұнамай қалатынын біліп, күтіп отырмыз, дегенмен кәсіпкерлердің мүддесін түсіну керек, сапалы өнім шығару үшін оларға жағдай жасау қажет", - деді Қостанай әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Ғазиз Қаленов.

Қостанайда нан қалалық 20 наубайханадан шығады. Қалалық ауыл шаруашылық бөлімінің мәліметінше, Қостанайлықтар күніне 230 мың тұрғынға 100 мыңға жуық бөлке нанды пайдаланады.

М. Бисембаева