Жалған ақпарат жарға жығады

Жалған ақпарат бергендер 6 жылға дейін сотталуы мүмкін, − деп хабарлайды 24.kz порталы.

Жарылғыш зат қойылды деп жалған мәлімет беретіндерге жаза күшейтілді. Олар 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылмақ. Прокурорлар 102 нөмірін ермекке айналдырғандарға шүйлігіп отыр. Осыған дейін айыппұлмен құтылғандар енді түрмеге қамалады. Соңғы 5 жылда қылмыстың осы түрі бойынша бір ғана Астана қаласында 49 іс қозғалған.

Мысалы, Астана қаласының ІІД әдейі қоңырау шалып, сауда үйінде бомба бар екенін хабарлаған елорда тұрғыны 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Мемлекетке 500 мың теңге өндіріліп алынды, − дейді  Астана қаласы прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Әділбек Айтжанов.