Назарбаевтың ер жеткен жиендерімен түскен видеосы пайда болды

Ақорда баспасөз қызметі Instagram әлеуметтік желісіне Мемлекет басшысының жеке мұрағатынан тағы бір видеоны салды. Бұл жолы Нұрсұлтан Назарбаевтың ер жеткен жиендерімен түскен бейнеролик жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі akordapress аккаунтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, 1 маусым - Балаларды қорғау күнінде Президенттің баспасөз қызметі 1999 жылы түсірілген видеоны жариялаған болатын. Кадрдан Назарбаевтың жиендерімен бірге шаттанып отырған сәтін көруге болады.