Назарбаевтың баспасөз қызметі оның көлік жүргізіп келе жатқаны түсірілген видеоны жария етті

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі оның көлік жүргізіп келе жатқаны түсірілген видеоны жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Instagram желісіндегі парақшасында Қазақстан Президенті бейнеленген суреттер мен видеоларды жиі жариялап отырады.

Бүгін, 13 мамырда жарияланған видеоға "Президенттің бейне мұрағатынан: Көлік жүргізу сәті" деген сипаттама жазылды. 

Бұл видео жария болғаннан кейін жарты сағат өткенде оған мыңдаған адам лайк басты. Айта кетейік, Instagram желісіндегі akordapress парақшасына шамамен 55 мың адам жазылған.