"Жалынды сөзге емес, жасампаз іске бейім жастар!". "Жастар Рухы" Жастар қанаты волонтерлары не істеп жүр?

"Жалынды сөзге емес, жасампаз іске бейім жастар!". "Жастар Рухы" Жастар қанаты волонтерлары не істеп жүр?

Еліміздегі жастар саясаты, жас буынды қолдау мен дамыту бағытындағы елдік басқарудың маңызды аспектісі болып табылады. Осы бағытта түрлі жобалар атқарылып, жүздеген волонтерлық ұйымдар жұмыс жасауда. Солардың бірі "AMANAT" партиясының жанынан ашылған "Жастар Рухы" Жастар қанаты. "Жалынды сөзге емес, жасампаз іске бейім жастар!" деп ұрандатқтан ұйым өкілдері осыған дейін атқарылған жоба жемістерін Massaget.kz тілшісімен бөлісті.

Бүгінгі таңда  "Жастар Рухы" Жастар қанатының Қазақстан бойынша  20 филиалы, 105 мың команда мүшесі, артында 2 мыңнан аса сәтті аяқталған жобасы бар екен. Осы тұста, ұйым өкілдіктері бұнымен әзір тоқтамайтындықтарын жеткізіп, өздерінің ауқымды жобаларымен таныстырып өтті.

Вандализмге жол жоқ!

Өткен  жылдың  қазан айынан бастап  "Жастар Рухы" Жастар қанатының еріктілері еліміздің мәдени, тарихи әрі табиғи мұрасын вандализмнен сақтау мақсатында ауқымды акцияны бастапты. Акция  шымылдығын Көкшетаулық жастар ашқан. 50-ден астам ерікті жұртшылықтың назарын вандализмге аудару үшін "Жұмбақтас" жартасын толық қоқыс пен жазудан тазартқан.

"Жастар рухы" қорынан

"Жастар рухы" қорынан

Аталмыш тың бастама еліміздің барлық өңірін қамтыған. Вандализм іздерінен тазаланған обьектілер ішінде "Таңбалытас", "Стелла"  ескерткіштері, "Сұлтан Үпі", "Шақпақ ата", "Қараман ата" жер асты мешіттері, "Қожа Ахмет Яссауи", "Қалжан ахун" кесенелері т.б. бар. Жоба аясында және де қала ішіндегі вандализмен күрес жұмыстары жүргізілген.  Бас аяғы шараға 1500-ден аса белсенді тартылып, 500 дей тарихи, мәдени есткерткіштер вандализм іздерінен тазартылған екен.

"Таза Қазақстан" road-эстафетасы

"Жастар Рухы" Жастар қанатының келесі бір аууқамды шараларының бірі "Таза Қазақстан" Road-эстафетасы. Белсенділер эстофета аясында "Астана – Алматы" тас жолының аумағын тазалап, бас аяғы 100 мыңнан аса қоқыс қалдығын жинаған.

 Асылхан Сейдахмет "Жастар рухы"

"Жастар рухы" қорынан

Аталмыш шараны қолдауға Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығының басқарма төрағасы Батырбек Әубәкіров, "AMANAT" партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Мәжіліс депутаттары келген. Эстафетаны "Жасыл даму" АҚ және "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ қаржыландырған.

Акция аясында белсенділер жол бойындағы тұрақтар мен кемпингтерді тазалап, жиылған қоқысты арнайы полигонга жеткізген.  Валантерлер Ақмола, Қарағанды, Жамбыл және Алматы облыстарын байланыстырантын, бас-аяғы 1200 шақырым жолды тазалап кетекен.

"1 команда – 1 облыс" формуласы бойынша өткен шараның нүктесі Қонаев қаласында қойылған. Акция соңында атқарылған жұмыс есебі таныстырылып, белсенді қызмет еткен жандарға сыйлықтар табысталып, арты концертке ұласқан.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы Жастар кеңесінің XVII отырысы

Шанхай ынтымақтастық ұйымына "Жастар Рухы" Жастар қанаты 2009 жылдан бері мүше екен. Биыл өткен жиында төрағалық қызметте біздің жастар қолында болыпты. Аты дардай шараға әлемнің 10 мемлекетінен, 150 ден аса делегат келген.

"Жастар рухы" қорынан

Кеңес барысында тараптар эко-волонтерліктің халықаралық штабын құрып, жыл сайын экологиялық жобалар өткізіп тұруға уағдаласты. Оның үстіне бұл жиында делегаттар бірауыздан Беларусь, Иран жастарын ШЫҰ-на кіруін мақұлдап қатарларын кеңіткен.

«АМАНАТ» партиясының құрамындағы "Жастар рухы" жастар қанаты түрлі жобаларды жүзеге асыру арқылы Қазақстандағы жастар саясатын белсенді түрде насихаттауда. Ұйым өкілдері елді-мекендерден бастап халықаралық деңгейдегі жұмыстарды атқарып жүр. Жалынды сөзге емес, жасампаз іске бейім жастар осындай болса керек!

Н. Ынтымақұлы