«Массагет» оқырмандары үздік блогерді анықтады

«Массагет» оқырмандары дауыс беру арқылы үздік блогерді анықтады. Белсенді қолданушыларымыздың арасында Жанболат Кенжеғұл ең көп дауыс жинады.

Танымдық бағытта жұмыс жасайтын порталымыз барлық қолданушыларына алғысын білдіреді. 2015 жылы блог айдарында көп жаңалықтар болды. Бірнеше байқаулар ұйымдастырылып, еліміздің түкпір-түкпірінен қатысушылар бақ сынады. Бақ сынап қана қоймай, бір-бірімен достасты да. Бұл үшін біз қуаныштымыз. Алдағы жылы да блог айдарының қолданушылары белсенділік танытатынына сеніміміз мол.

Сауалнама қорытындысы бойынша үздік блогер атанған Жанболат Кенжеғұлды жеңісімен құттықтаймыз. Сайтымызда сапалы блогтары көбейе берсін деп тілек білдіреміз. Екінші орыннан көрінген Мейірхан Амангелдиев те сайтымыздың белсенді қолданушыларының бірі. Мейірханды да жетістігімен құттықтаймыз. Үшінші орынға Есіл еркесі тұрақтады. Тұрақты оқырманымызды жүлделі орнымен құттықтаймыз. Есіл еркесі республикалық блогиадада үшінші орын алған болатын. Үздік блогерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз.

«Массагет» порталының барша блогерлері мен қолданушыларын Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. 2016 жылы ірі жетістіктерді бағындыра беріңіздер. 

Айта кетейік, осыған дейін «Массагет» порталының оқырмандары жылдың үздік әні мен әншісінфильмін, спортшысын, актері мен актрисасын таңдаған болатын.