Жаңа жыл – 2016. Үйге жауған әсем қар

Жаңа жыл – 2016. Үйге жауған әсем қар
Фото: Өз қолыңмен

Жаңа жыл мерекесі жақындаған сайын нәзік бойжеткендер мен балапандар таңғажайыптардың орындалатындығына сене бастайды. Құдды қалағандарын Аяз ата келіп орындайтындай күй кешеді. Ал сіз қыста үйіңіздің ішіне қар жауғанын қалайсыз ба? Қаласаңыз, төмендегі ақша қарларды бірге жасайық. 

 Қағазды төртбұрыштап кесеміз. 

 Бұрышын бір-біріне жеткіземіз. 

Қағазымызды тағы да бүктейміз. 

 Енді суреттегідей етіп тағы бір мәрте бүктейміз. 

Төменгі бөлігін қайшымен қиғаштап кесеміз. 

Түбіне жеткізбей жолақтар кесеміз. 

Артынша бүктеген қағазымызды жазамыз. 

 Мұндай қардың түрлісін жасауыңызға болады. 

Әрі оларды біріктірер болсаңыз, әдемі көрінеді. 

Қ. Бүйенбай