- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2015
- Жаңажылдық демалыста не...
Жаңажылдық демалыста не істейміз?
Міне, көптен күткен демалыс күндеріне де жеттік. Оқушылар, студенттер, жұмыс басты адамдар бәрі-бәрі алғашқы күндері қонақ қабылдаса, қалған күндерде бір-біріне "не істейміз?" деген сұрақ қояды.
Коньки тебу.
Отбасыңызды немесе достарыңызды жинап, қалаңыздағы коньки тебетін алаңға барыңыз. Жаңа жылдық дастарқаннан кейін біраз қозғалып, сергу керек. Ал коньки тебе алмайтын ағайындарға үйренуге уақыт келді. Жақсы тебе алатын танысыңыздан көмек сұрап, денеңізді босаңсытып, терең дем алып, үйренуді бастаңыз. Себебі, қыстың күні уақытты пайдалы, қызықты өткізгіңіз келсе, коньки тебуден бастау керек.
Тауға серуен.
Егер сіз тұратын мекенде тау, таушық болса, міндетті түрде серуенге шығыңыз. Үлкендеу дорба алып, бутерброд жасап, термос, шай, стақан сияқты керекті заттарды салып, дайындалыңыз. Жылы киініңіз. Фотоаппаратты да ұмытпаңыз. Алайда, ауа-райының қолайлы болғанын күтіңіз, қар көшкіні апатынан сақтаныңыз.
Қалаға серуен.
Ғаламторды ақтарып, радио-теледидар каналдарын бір қарап шықсаңыз, қалаңызда (не жақын жердегі қалада) қандай қызықты шаралар болып жатқанынан хабардар боласыз. Мысалы, көрме, фотокөрме, жәрмеңке, ойын-сауықты шаралар, концерттер болуы әбден мүмкін. Отбасыңызды, достарыңызды жинап, серуендеңіз.
Киноға бару.
Қазір және жақын арада болатын кинолар:
1. Жетінші ұл. Фильм фэнтэзи, қызық оқиғалы фильм жанрында түсірілген.
2. 8 жаңа кездесу. Комедиялық жанрдағы фильм.
3. 3 батыр: атпен жүру. Мультфильм, комедия жанрында түсірілген.
4. Орманға тереңдей бергенде. Қызық оқиғалы, комедия, фэнтэзи жанрында түсірілген мюзикл.
5. Аналар 3. Комедия жанрында түсірілген бұл фильм Ресейдің туындысы.
6. Хоббит: бес қарудың шайқасы. Фэнтэзи, қызық оқиғалы жанрында түсірілген таңғажайып туынды.
Демалыс күндеріңіз сәтті әрі мәнді өтсін!
Сурет: content.ru
Ф. Абилова