"Енесіне ұқсайды екен". Әнші Өмірқұл Айниязов келін түсірді

Әнші Өмірқұл Айниязов келін түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі өзінің instagram парақшасына жариялап, оқырмандарынан көрімдік сұрады.

"Келінді көрсетіп қояйын, көрімдігін жібересіздер. Жастар бақытты болсын", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары құттықтап, түрлі пікір қалдырды.

"Құтты болсын, жастар бақытты болсын", "Бақытты болсын, сіздерді қуанта берсін", "Құтты болсын ағам", "Енесінен аумай қалыпты, жастар бақытты болсын", "Келін құтты болсын", "Енесіне ұқсайды екен", - деп жазды олар. 

Айта кетейік, әнші Өмірқұл Айниязов үлкен тойдың алдында ұлының жол апатына ұшырағаны туралы хабарлаған болатын. Ол туралы осы жерден оқып біле аласыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!