- Негізгі бет
- Инчхон 2014
- Инчхон-2014. Данияр мен...
Инчхон-2014. Данияр мен Ілияс ширек финалға шықты
Инчхонда өтіп жатқан ХVІІ Азия ойындарының сегізінші күнінде қазақстандық екі боксшы ширек финалға өтті.
52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық Ілияс Сүлейменов индонезиялық боксшы Хулио Брианы 3:0 есебімен ұтты.
Енді Ілияс 1/4 финалда қытайлық боксшы Сангдон Чомен жұдырықтасады.
Ілияс Сүлейменов 1/16 финалда таиландтық Чатчай Батдиді жеңген болатын.
69 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға көтерілген команда капитаны Данияр Елеусінов те ширек финалға жолдама алды. Ол тайпейлік Ченг Сумен кездесіп, 3:0 (30:24, 30:26, 30:25) есебімен сенімді түрде жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын ширек финалға Қайрат Ерәлиев (56 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Антон Пинчук (91 келіге дейін) және әйелдер арасынан Жайна Шекербекова (51 келі) жолдама алған болатын.
Бүгін Азия ойындарының сегізінші күні өтуде. Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 9 алтын, 10 күміс, 18 қола жүлде бар. Жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: vesti.kz
Н. Айдархан