Инчхон-2014. Ілияс Сүлейменов алғашқы қарсыласын жеңді

Инчхон-2014. Ілияс Сүлейменов алғашқы қарсыласын жеңді

Инчхонда өтіп жатқан ХVІІ Азия ойындарының алтыншы күнінде қазақстандық боксшы Ілияс Сүлейменов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

52 келіде сынға түскен жерлесіміз 1/16 финалда таиландтық Чатчай Батдимен жұдырықтасты. Шаршы алаңда айқын басымдылық танытқан Ілияс үш төрешінің шешімімен келесі кезеңге өтті.

Ілияс Сүлейменовтың 1/8 финалдағы қарсыласы индонезиялық Хулио Бриа болады. Жекпе-жек 27 қыркүйек күні кеште өтеді.

Ертең шаршы алаңғы шығатын қазақстандық боксшылар:

56 келі: Қайрат Ерәлиев — Джомах Арбаби (Катар). 1/8 финал.

81 келі: Әділбек Ниязымбетов — Элдин Госсун (Сирия). 1/8 финал.

91 келіге дейін: Антон Пинчук — Сергей Паренко (Қырғыз Республикасы). 1/8 финал.

Бүгін Азия ойындарының алтыншы күні өтуде. Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 6 алтын, 7 күміс, 15 қола жүлде бар. Жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: Vesti.kz

 

Н. Айдархан