Инчхон-2014. Екі палуанымыз да финалда жеңілді

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан ХVІІ Азия ойындарының оныншы күнінде еркін күрестен қазақстандық екі палуан күміс жүлдегер атанды.

86 келіде бақ сынаған Есболат Нұржұмбаев финалда ирандық Мейсам Мұстафажауһармен белдесіп, ұтылып қалды.

Ол жартылай финалда тәжік палуаны Бахадор Кадыровты 4:1 есебімен ұтқан болатын.

125 келіде сынға түскен Дәулет Шабанбай да ақырғы айқаста жеңіліс тапты. Ол финалда ирандық Хади Басманжудан 1:3 есебімен ұтылды.

Дәулет жартылай финалда жапон палуаны Набуоши Аракиданы 3:0 есебімен жеңген болатын.

Бүгін Азия ойындарының оныншы күні өтуде. Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 15 алтын, 16 күміс, 22 қола жүлде бар. Жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: Vesti.kz