Инчхон-2014. Қазақстандық дзюдошылар финалда жеңіліп қалды

Инчхон-2014. Қазақстандық дзюдошылар финалда жеңіліп қалды

Инчхонда өтіп жатқан ХVІІ Азия ойындарында дзюдодан ерлер құрамасы күміс жүлдені еншіледі. Отандастарымыз финалда алаң иелерінің татами шеберлеріне есе жіберіп алды.

Командалық сынды Азамат Мұқанов жеңіспен бастағанмен, өзге дзюдошыларымыз қарсыластарына мықтылығын мойындата алмады. Нәтижесінде ел құрамасының қоржынына төртінші күміс медаль түсті. Ал әйелдер құрамасы болса қола жүлде үшін таласта КХДР спортшыларына есе жіберіп алды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: confederation.kz

О. Сансызбай