Инчхон-2014. Шведова мен Путинцева ел құрамасына тоғызыншы қоланы тарту етті

Инчхон-2014. Шведова мен Путинцева ел құрамасына тоғызыншы қоланы тарту етті

Инчхонда өтіп жатқан XVII Азия ойындарының төртінші күнінде теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық теннисшілер жартылай финалда Тайпей құрамасымен кездесіп, 1:2 есебімен ұтылып қалды.

Алғашқы ойында Юлия Путинцева Юнг Ян Чанға 4:6, 1:6 есебімен есе жіберді. Ал екінші ойында Ярослава Шведова Тайпей құрамасының бірінші нөмірлі спортшысы Хсей Су Вэйді жеңіп, таразы басын теңестірген еді. Есеп – 6:3, 7:6 (4).

Шешуші жұптық ойында Юлия Путинцева мен Ярослава Шведоваға қарсы ойнаған тайпейлік Юнг Ян Чан мен Хсей Су Вэй 0:6, 2:6 есебімен басым түсті.  Осылайша қазақстандық қыздар жартылай финалдан аса алмай, қола жүлдені қанағат тұтты.

Бүгін Азия ойындарының төртінші күніндегі медальдар жиынтығы сарапқа салынуда. Әзірге жерлестеріміздің еншісінде үш алтын, екі күміс, тоғыз қола бар. Жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте алтыншы орында келеді.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: alaman.kz

Н. Айдархан