- Негізгі бет
- Хабарландыру
- «BI Group-тан мамандыққа...
«BI Group-тан мамандыққа ие бол»: Мен құрылысқа барам!
BI Group компаниясы «Alash Media Group» компаниясымен бірлесе отырып «BI Group-тан мамандыққа ие бол!» әлеуметтік жобасын алғаш рет іске асырды. Жобаның негізгі мақсаты – жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру және құрылыс пен өндірістегі жұмысшылар тапшылығы мәселесіне қоғамның назарын аудару.
Алдыңғы қатардағы құрылыс холдингі Қазақстанның барлық өңірінен жиналған 10 талантты жасты оқу, тасымалдау және елордада тұру шығындарын өз мойнына алып, құрылыс мамандығын оқытты. Осынау әлеуметтік жобаға 150-ге жуық адам қатысып, олардың ішінен 10 талантты жас оқ бойы озып, үздік шықты.
Студенттер BI Университетінде қарқынды теориялық курстардан өтіп, белсенді жұмыс жасайтын инновациялық «Orynbor Towers» құрылыс алаңында тәжірибе алды. Олар өнеркәсіптің ең озық технологиялары қолданылатын компанияның демонстрациялық учаскелерінің бірінде практикалық білім алды.
Қазақстанда тұңғыш рет ай сайын 5 қабатты тұрғын үй салынады. Мұнымен 23 қабатты үй рекордты қысқа мерзімде салынатын болады. Құрылыс саласындағы үздік мамандар жоба қатысушыларына құрылыс құзыреттіліктерін үйретті.
BI Университеті директорының орынбасары Гүлжан Нагимбаеваның айтуынша, кәсіби білімдермен қатар, студенттер команда құру, жеке тиімді қарым-қатынастар бойынша тренингтер өткізді. Кәсіби білімді ғана емес, сонымен қатар клиенттермен, қызметкерлермен және менеджерлермен тиімді қарым-қатынаста болу маңызды. Бұл тек жұмыс орнында ғана емес, жеке қатынастарда да пайдалы.
Қазіргі уақытта студенттер үйлеріне қайтты. Жаңа жылдан соң қайта оралып, BI University-ден және біздің «Мамандыққа ие бол!» жобамыздың финалистерін даярлау үшін арнайы келген «РоскапСтрой» компаниясынан (Екатеринбург қаласының кәсіптік колледжі) арнайы қос диплом алады. Әрине, содан соң BI Group-те жұмысқа орналасады. Олардың кейбіреулері компанияның бөлімшелерінен жұмысқа орналасуға ұсыныс алды. Олар, басқа да жаңадан келгендер сияқты тәжірибеден өтушіден маманға дейінгі кезеңдерді өтуге тура келеді. Енді осы орайда жеңімпаздардың жоба туралы пікірін біліп көрейік.
Ануар Омаров, 21 жаста: «Отбасыңда тұңғышы болу – үлкен жауапкершілік»
«Отбасыңда тұңғышы болу – үлкен жауапкершілік, күн сайын ауылдың өмір салтына тән кейбір қиындықтарға тап боласың, құдықтан су тасу, қыста пеш қайнату, ауланы қардан тазарту, жазда отын жару – бұның бәрі ауылдағы күнделікті жұмыстар. 9 сыныптан кейін Көкшетаудағы жоғары техникалық мектепке оқуға түстім. Бала кезден құрылысқа жақын болдым. Әкеме монша, сарай салуда көмектесетінмін. Жоба туралы естігенімде менің жасап жүрген жұмысым болды. Мемлекеттік сатып алулармен айналыстым. Кейін ағам Қазақстандағы жетекші құрылыс компаниясының қызықты жобаны іске қосқанын айтты. Эссе жазып, жұмысымды тастап, осында келдім. Еш өкінбеймін! Құрылыста болуды әрқашан армандаймын! Ата-анам мені қолдап, менің шешіміме риза болды. Өз ісінің кәсіпқойлары BI Group командасында болғым келеді!»
Ерасыл Советбек, 20 жаста: «Әкем бала кезден еш ерінбеуге үйретті»
«Қаншама адамның еңбегі жатқан, бұл жұмыстың ауырлығын көріп, нағыз ер адамдардың жұмысы екенін түсіндім. Бұл жоба туралы апам бірінші білді, бірден қатысуға бел будым. BI Group-та әрі қарай жұмыс жасайтыныма үміттенемін. Астанаға келгенімде алған алғашқы әсерімді сөзбен жеткізу қиын.. Осында жұмыс жасап, отбасы құрып, жанұямды елордама алып келемін деп алдыма мақсат қойдым!», – дейді Ерасыл. Айтпақшы, Ерасылдың Астанаға бірінші рет келуі.
Армандар орындалады, мақсаттар айқын болса! Жұлдыз FM, Massaget.kz және BI group біріге атқарған жобаға қатысып, жеңімпаз атанған әр қатысушының өзіндік арман-мақсаты бар. Оның барлығы адамның іс-әрекеті мен қажыр-қайратына, табандылығына байланысты. BI Group-пен бірге өз мақсатыңызға жетуге шын жүректен тілектеспіз!
Ж. Жұмағұлов