10 үміткер BI Университетінің студенті атанды

10 үміткер BI Университетінің студенті атанды
Фото: kursiv.kz

Күні кеше Астанада жаңадан ашылған ВІ University университетінің алғашқы тыңдармандары ВІ Group компаниясы, Жұлдыз ФМ радиосы және Massaget.kz сайты бірлесіп ұйымдастырған "ВІ Group-тан мамандыққа ие бол" атты әлеуметтік жобаның жеңімпаздары болды. Қазақстанның әртүрлі аймағынан келген 10 жас қатысушының мақсаты бір – құрылыс саласын жетік меңгеру арқылы білікті маман атану және біздің компаниямызға қызметке орналасу. 

Қазақстанның құрылыс саласының көшбасшысы атанған BI Group компаниясының осы жылы Жұлдыз ФМ радиосы мен Massaget.kz сайтымен бірге "Мамандыққа ие бол!" атты әлеуметтік жобаны қолға алғанын еске сала кетейік. Жобаның мақсаты – құрылысқа қатысты мамандықтарға деген қызығушылықты арттыру және құрылысшы мамандардың тапшылығы мәселесіне назар аударту. 

"ВІ Group-тан мамандыққа ие бол" жобасына 18-25 жас аралығындағы құрылыс саласының маманы атануға ниетті Қазақстан азаматтары қатысуға құқылы болды. Өтінімдерді қабылдау мерзімінде бізге 100-ден аса өтінім мен 200-ге жуық телефон қоңыраулары келіп түсті. Компания басшылығы келіп түскен өтінімдердің ішінен ең қызықты деген 10 эссенің авторын іріктеп алды, олар осы арқылы BI University оқу орнының студенттері атанды.

Баспасөз қызметінің жетекшісі Гауxар Керимова жоба қатысушыларын құттықтау барысында жастардың ең үлкен жеңісі - жүздеген эссе ішінен үздіктердің қатарынан табылу екенін атап өтті. 

– BI Group компаниясының жаңа жобасының арқасында ие болған мүмкіндіктеріңді барынша тиімді пайдалануларыңа тілектеспін, - деді Г.Керимова, - Біздің компания үнемі алға жылжып, әрқашан да дамуға ұмтылады. Егер сендер оқуға бар күштеріңді салып, өздеріңді көрсете білсеңдер, ВІ Group-пен бірге еңбек жолдарыңда да жетістікке жетесіңдер!

Университет директорының орынбасары Гүлжан Нагимбаева "Мамандыққа ие бол!" жобасы жеңімпаздарының білім алатын бағдарламалары туралы баяндады. 

Кәсіби біліммен қатар тыңдармандарға команда құру және жеке қарым-қатынас орнатудың тиімді жолдары бойынша курстар да оқытылады. Өз ісіңнің маманы болумен қатар клиенттермен, қызметкерлермен және басшылықпен тығыз қарым-қатынас орната білу де маңызды емес пе?! Бұл тек қызмет барысында ғана емес, өмірде де үлкен маңызға ие.

– Қымбатты жастар, қош келдіңіздер, Сіздер біздің ең алғашқы қонағымызсыңдар! Бұл жерде барлығы да су жаңа, арнайы біздің тыңдармандар үшін. Теориялық және практикалық білім беру бір айға созылады. Сіздер өндірістік тәжірибеден біздің құрылыс нысандарымызда өтесіздер, ол жерде Сіздермен біздің нағыз кәсіби мамандарымыз өз біліктіліктерімен бөлісуге дайын. Компания басшылары да өз еңбек жолдарын қарапайым құрылысшы (жұмысшы), мастер болудан бастаған. Бәрі де өз қолдарыңда! 

Бір айдан кейін студенттер емтиxан тапсырып, бірден екі дипломды иеленеді. Біріншісі - BI University дипломы, екіншісі – "РосКапСтрой" компаниясының (Екатеринбургтың кәсіби колледжі) дипломы, бұл колледждің оқытушылары біздің жобамыздың жеңімпаздарына дәріс беру үшін Астанаға арнайы келіп отыр. Әрине, бұл компания да жас мамандарға әртүрлі бөлімшелерінен жұмыс ұсынуға дайын.

Бізбен бірге болыңыздар, біз Сіздерге "ВІ Group-тан мамандыққа ие бол" атты әлеуметтік жоба жеңімпаздарының бағындырған шыңдары туралы жаңалықтармен міндетті түрде бөлісетін боламыз!

Ж. Жұмағұлов