Алматыда жеткіншектерге арналған тегін экскурсия болады

Алматыда жеткіншектерге арналған тегін экскурсия болады

1-31 маусым аралығында Esentai Mall сауда орталығында интерактивті балалар көрмесі өтеді.

Кішкентай балақайлар көрме кезінде өздерін ғарышкер сезініп, аспан денелері туралы көптеген қызықты мәліметпен қанығады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шараның басты мақсаты – жас бүлдіршіндердің астрономия ғылымына деген қызығушылығын оятып, өй-өрісін тереңдету. Ұсынылған бағдарлама мультимедиялық тарихи мұрағат суреттерін  көрсетіп, «Аполлон» кемесінің қалай құрастырылғаны жөнінде қызықты ақпарат береді. Сонымен қатар, Байқоңыр ғарыш аймағының дүниежүзіндегі аспан әлемін меңгеруге қосқан үлесін ашық көрсетеді. Көрме 5-10 жас аралығындағы жеткіншектердің танымына сай жасалған.

Көрменің ашылуы 1 маусым күні сағат 17.00-де. Қалған күндері сағат 10.00 мен түнгі 22.00-ге дейін жұмыс жасайды. Экскурсия әр сағат сайын жүргізіледі. Ұзақтығы – 45-50 минут. Кіремін деушілерге есік ашық.

Телефон: +7 (727) 330 88 77 
Мекен-жайы:   Алматы қаласы,  әль-Фараби, 77/8 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы 

Сурет: blog.al.com

Н. Нұрмаханұлы