«Хабар» телеарнасы «Батырлар жолы» тарихи туындысының түсірілімін бастады

2017 жылдың желтоқсан айында «Хабар» арнасы «Батырлар жолы» тарихи көркем телехикаясын көрсетуді жоспарлап жатыр. Қазіргі таңда Алматы қаласында туындының түсірілім жұмыстары басталып кетті. «Хабар» Агенттігінің тапсырысымен түсіріліп жатқан картинада қазақ батырларының өмірі мен ерліктері суреттеледі.

Оқиға XVII ғасырдың басында қазақ билері мен сұлтандары өзара тартысып жатқан тұста басталады. Ел басқарар бір адамның болмауы мен халықтың әлсіздігігінен қазақ жеріне қалмақтар мен ойраттар тарапынан шабуыл көбейді. осы қиын-қыстау кезеңдегі батырлардың батылдығы мен ерлігіелдың рухын көтеріп тастайды. Сонымен қатар картинадамемлекет тұтастығының маңызы, өзара тартыстың соңы жақсылыққа алып бармайтындығы сөз болады.

«Қазіргідей мәдениет жаһанданған заманда өз тарихыңды, түп-тамырыңды тану, есте сақтау, сондай-ақ ата-бабамыздың осынау алып мемлекеттіміздіқұру және қорғап қалу үшін қалай күрескендігін білу өте маңызды. Көрермендер бұл телехикая арқылы өткенімізге оралып, ел тарихындабатырлардың қаншалықты маңызды рөл атқарғандығын көреді. Түсірілім жұмыстары басталғанға дейін көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіліп, тыңғылықты дайындық жасалды. Біздің шығармашылық топ қазақстандық кино саласында өз орнын табатын картина түсіреді деген ойдамыз», - деді «Хабар» Агенттігі Басқармасының Төрайымы Алмагүл Ахметжанова.

Туындыға көптеген төбелес сахналарын сомдаған белгілі қазақстандық каскадерлер қатысады. Сол заманды шынайы көрсету үшін арнайы декорация дайындалған.      

Шығармашылық ұжым:

Қоюшы-режиссёр – Асқар Ұзабаев

Қоюшы-оператор – Еркінбек Птыралиев

Қоюшы-каскадёр – Жайдарбек Күнгүжинов

Атқарушы продюсер – Ринат Сафаров

Негізгі актерлік құрам:

Қарасай – Назар Сұлтанбаев

Ағынтай – Әшім Ахметов

Таймас – Жандос Айбасов

Алтынай – Ержан Нұрымбет

Есім хан – Алдабек Шалбаев

Қаумен – Айдос Бектеміров

Бибігүл – Мөлдір Мекенбай

Берен – Болат Ұзақов

Ілесбек – Дулыга Ақмолда

Иманқұл – Баходур Джалметов

Сондай-ақ осы жылдың соңына дейін «Хабар» арнасы бірнеше жаңа тележобаларды эфирге ұсынады. Олардың арасында драма, комедия, детектив және отбасылық туындылар бар.