- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Кайдзен философиясының принциптері...
Кайдзен философиясының принциптері
Кайдзен — бизнестің даму үдерісіне қарқын беретін жапон философиясы. Бизнесте кайдзен тәжірибесі өндіріс орталығының қарапайым қызметкері мен компанияның бас басқарушысына бірдей тиімді қолдау береді.
Аталған жапон философиясы алғаш рет Toyota корпорациясында дамудың үлгісі ретінде қолданылған. Кайдзен тәжірибесі әсіресе Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Toyota өндіріс зауыттарының қайта қалпына келуіне демеу болған.
Назарларыңызға кайдзен философиясының бизнес принциптерін ұсынамыз:
1. Тұтынушы таңдауы. Кайдзен тәжірибесін қолданатын компания үшін тұтынушының тауарға деген қанағаты маңызды.
2. Үдемелі өзгеріс. Өндіріспен айналысатын компания үдемелі өзгерістерді жиі жасауға бейімделуі тиіс.
Проблеманы ашық қабылдау. Компанияның дамуына кедергі болатын алғышарттар жаппай талқыға салынуы тиіс. Проблема жоқ жерде даму да жоқ.
3. Жұмысшы топтарды құру. Кез келген жаңа қызметкер белгілі бір топқа қосылуы тиіс. Команда әрбір мүшенің жылдам тәжірибе арттыруына қолдау жасайды.
4. Жобаны басқару. Бір ғана функцияны атқаруға үйренген команда маңызды жобаны жалғыз жүзеге асыра алмайды. Ол үшін бірнеше топты бір мақсатпен жұмыс істеуге жұмылдыру керек. Бұл принцип жапон өндірісі технологиясында жиі қолданылады.
5. Бірдей даму. Тәжірибелі маман өзінің біліктілігін барлығына үйретуі тиіс.
Ж. Өрісбай