Хеопс пирамидасының іші

Хеопс пирамидасының іші

Египет пирамидалары - ғаламның тылсым жұмбағы. Кейбіреулер пирамиданың дәлдігіне қарап, бұны бөгдепланеталықтар тұрғызды деп есептейді. Соның ішінде "әлемнің жеті кереметінің" бірі болып табылатын Хеопс пирамидасының ішін көзбен көрген турист Дорошенко Александр Андреевичтің жазбасын қысқаша аударып ұсынып отырмыз.

Хеопс пирамидасының іші 

Египет астанасы Каирге жақын жатқан Хеопс пирамидасында екі рет болып, осы бір жұмбақ, ұлы құрылысты ішінен бір-ақ рет көрдім. Физикалық, психологиялық үлкен дайындықтан өткен қарапайым турист үшін бір саяхаттың өзі жеткілікті әсер қалдырады. 

Хеопс пирамидасына кіру

Омсктан аттанған турист тобының қатарында Хеопс пирамидасының ішіне мен де кірдім. Ішке кіруге бәрінің батылы бармады. Кейбіреулері Құдайдың ашуынан қорықты. Бірақ біраз адам осы жаққа кіріп, үлкен әсер алудан қашпады. 

Пирамидаға кіретін жер солтүстік тұстан 15,63 метр биіктікте орналасқан. Кіріп келгенде тар кіріс бөлмесіне, бұдыр қабырғаға тап боласыз. Басты жарақаттап алмау үшін бүгіліп жүруге тура келді. 

Сосын, пирамиданың ұшына қарай ұзындығы 47 метр болатын үлкен еңіс жүріс жолы бар. Ол "Үлкен галерея" деп аталады. Еңіс жүріс жолының қабырғасы жылтыр. Жолда ешбір сурет, жазба кездеспейді. Көтерілу оңай емес, тыныс алу қиындап, жол ұзақ болып кеткендей көрінеді. 

Галерея туристің негізгі мақсаты - перғауын мазарына әкеледі. Перғауын қабірі - ұзындығы 10,5 м, ені 5,3 м, биіктігі 5,8 м болатын қарапайым орын. Ол толығымен гранитпен жалатылған, бірақ еш өрнек салынбаған. Ортада үлкен бос гранитті тас табыт тұр. Қақпағы ашулы. Қабірде басқа ештеңе қалмаған. Тас табытты пирамидаға кіргізу мүмкін емес, сондықтан бұл осы жерге пирамида құрылысы кезінде әкелінген. 

Әсерім

Пирамида ішінде тұрып, төбеңде мыңдаған тонна тас бар екенін сезесің. Люминисцентті жарық адам бетін бұлдыр, кәрі етіп көрсетеді. Іште ұзақ болмадық. Күн мен таза ауаға шыққанда, мен терең тыныс алдым. 

Турист өз әсерін осылай жеткізген екен. Хеопс пирамидасының іші осымен бітпейді. Ол жақта ханшайым мазары да бар. Пирамидаға жер асты жолы арқылы да кіруге болады. 

Оқи отырыңыз:

Ең ежелгі пирамида құлап қалудың аз-ақ алдында тұр

Антарктидадан жұмбақ үш пирамида табылды (видео)

Бермуд үшбұрышының сыры неде?

Сурет: thaitiewtour.com, oko-planet.su

Р. Роза