Эйнштейннің жұмбағын шеше аласыз ба?

Бір көшенің бойында бес түрлі түспен боялған бес үй қатар салынған. Әрбір үйде әр елдің азаматы өмір сүреді. Олардың әр қайсысы өз отанының сусынын ішіп, темекісін шегеді. Сондай-ақ, өзінің үй жануарын бағады. Ендеше қай ұлт өкілі үйінде балық асырайтынын табыңыз. Төменде берілген жеңілдіктердің көмегімен тапсырманы орындаңыз:

1. Британдық қызыл үйде тұрады.
2. Шведтің үйінде ит бар.
3. Дат шәй ішеді.
4. Жасыл үй ақ үйдің сол жағында орналасқан.
5. Жасыл үйдің қожасы кофе тұтынады.
6. Pall-Mall темекісі тартылатын үйде құс бапталады.
7. Сары үйдің иесі Dunhills темекісін тартады.
8. Ортадағы үйдің қожасы сүт ішеді.
9. Норвег бірінші үйде тұрады.
10. Blends темекісін тартатын азаматтың қасында мысық бағатын адам тұрады.
11. Ал жылқы бағумен айналысатын адамның Dunhills темекісін тұтынатын көршісі бар.
12. Blue Master темекісін шегуші сыра тұтынады.
13. Неміс Prince темекісін тартады.
14. Норвегиялық көк үйге көрші тұрады.
15. Blends темекісін шегетін ұлт өкілінің су ішетін көршісі бар.

Айта кетсек, Альберт Эйнштейн бұл логикалық тапсырманы XX ғасырда қалдырып кеткен. Оның ойынша, мұны адамзаттың 98%-ы шеше алмайды. Ал маған небәрі 25 минут кетті. Ал сізге ше?

Жауабы