- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Дефолт жариялаған мемлекеттер...
Дефолт жариялаған мемлекеттер
Дефолт – күнделікті тұрмыста көп қолдана бермейтін термин. Дегенмен, "қарызын қайтармапты, банкрот болыпты" дегенді жиі естіген шығарсыз? "Дефолт" ағылшын тілінен аударғанда "міндеттемені орындамау" дегенді білдіреді. Яғни, жеке тұлға, компания немесе мемлекеттің қаржылық берешекті өтеуден бас тартуы. Екі түрі бар – толық (банкрот) және техникалық (уақытша).
Америкалық экономист Кармен Райнхарт пен Кеннет Рогофф,әлемде соңғы екі жүз жылда мемлекеттердің жаппай дефолтқа ұшырау жағдайын 5 кезеңге бөліп қарастырады. Бұл туралы "Времена меняются: обзор финансовых кризисов последних восьми столетий" еңбегінде келтіреді.
Дефолтқа ұшыраудың басты себептері:
- экономикалық дағдарыстың күшеюі;
- кіріс коэффициентінің төмендеуі;
- мемлекет немесе компания бюджетіндегі тепе-теңдіктің бұзылуы;
- саяси құрылымдардың ауысуы (мысалы: жаңа үкімет құрылуы, басшылықтағы ауыс-түйіс);
- күтпеген оқиғалардың орын алуы (форс-мажор).
Алғашқы кезең Наполеон соғысының басталуымен тұспа-тұс келді. Екінші кезең – 1820 жылдан 1840 жылға дейін, үшінші кезең – 1870 жылдан 90-жылдарына дейін. Төртінші кезең – ХХ ғасырдың 50-жылдары. Соңғысы – бесінші кезең 1980 мен 1990 жылдар аралығы. Қазақстан тарихында бұл уақыт "қайта құру дәуірі" болғаны белгілі.
Экономикалық даму тарихында елді банкрот деп жариялау бір емес, бірнеше рет қайталаған мемлекеттер де бар. Мысалы: Испания өткен жүз жылдың ішінде 8 рет, Грекия 1829 жылдан бері экономикасын 5 рет дефолт деп жариялаған. Түркия, Бразилия мен Перу мемлекеттері өткен жүз жылдықта дефолттық жағдайға бес рет түскен. Толықтай немесе уақытша банкрот болған мемлекеттерден қарыз түрлі жолдармен өндірілген.
Дайындаған: Әбдіманап Нұржан
Massaget