- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Баланы жетілдіру: Николай...
Баланы жетілдіру: Николай Зайцев әдістемесі
Филолог мамандығы бойынша білім алған Николай Зайцев Индонезияда аудармашы қызметін атқарады. Ол жақта шет тілі ретінде орыс тілін үйретіп, сабақ береді. Оның шәкірттері ересек адамдар еді. Сондықтан Николай жаңа әдіснама жасады, атақты сыңғырлы текшесін құрастырды. Өзінің пікірінше, ол тілдің мәнін ұғынуға көмектеседі.Нәтижесінде Зайцев өз әдісін балаларға да қолдана білді.
Басты қағидалары
Зайцев әр сөз «қоймадан» тұратынын алға тартады. Бұл қойма дауысты және дауыссыз дыбыстар. Әдеттегі буынға қарағанда, осындай бөліктерді пайдалану жеңілірек. Буын дегеніңіз бір дыбыстан да, төрт дыбыстан да құралуы мүмкін ғой. Қоймалар баланы қажетсіз адастырулардан құтқарады. Зайцев текшесінің жиектерінде дәл осы бөліктер орналасқан. Бір қойма текшенің бір жағында орналасады, ал бірнешеуінен орыстың кез келген сөзін құрастыруға болады. Зайцев текшесі (кубик) түрі, түсі, өлшемі, дыбысталуы әртүрлі 46 белгіден тұрады. Ересектерге бұл жүйе қиынырақ көрінуі мүмкін, алайда әлі әріп танымайтын балаларға Зайцев жүйесімен оқуды үйрену оңай.
Математиканы (менталды арифметика), географияны, шет тілдерін оқыту жүйесін жасауда Зайцев ұстанымының баламасы қолданылды.
Бұл әдіс сізге сәйкес келе ме?
• Бұл әдіснама қазіргі таңда танымал болғанымен, уақыты санаулы адамдар үшін қолайсыз. Себебі сіз өз балаңызға үйрету үшін бұл жүйенің нюанстары мен принциптерін алдымен өзіңіз үйренуіңіз керек.
Егер бұл әдіс сәйкес келмесе басқа әдіснамалармен танысып шығыңыз:
Баланы жетілдіру: Монтессори әдістемесі
Никитиндер әдістемесі
Гленн Доман және Сесиль Лупан әдістемесі
Штайнер әдістемесі